Нарын
Атырау – ақжарқын ел, жыршы далам,
ән мен күй көкірегінде тыншымаған.
Бабамның тері тамған топырағыңнан
әрқашан жас жаныма сусын алам.
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"фариза оңғарсынова" туралы өлеңдер жинағы. Бұл бөлімде фариза оңғарсынова туралы өлеңдер, туындылар, тақпақтар мен поэмалар жинақталған.
Сөз қадірін ұқпайтын
көшің болған өкініш.
Биліктіні ықтайтын
досың болған өкініш.
Кеудеңе кек келгенде,
төріңде ой жатпайды.
Қанағат кеткен жерде,
қиянат ойнақтайды.
Ей, жанардан нұр атылған жарық күн!
Ей, санамды тұмшалаған тамұқ-түн!
Өзегім – өрт, өкпелімін сендерге,
Дауа бар ма, жан дертімді емдерге?
Апатай!
Қырға біткен қасиетті шынарым,
Ақиқат пен әділдікке сыңар ең.
Жырыңды оқып ұғамын,
Мен саған сыр айтамын:
біреулердің қайтеміз құр айтағын,
сезе тұрып қайғысын соңындағы;
білеміз ғой - қателік со жылдағы,
Адам болса сезім мен сенім іздер,
келіңіздер, бері қарай еніңіздер.
Менің байтақ әлемім – планетамды
көріңіздер аралап, келіңіздер!
Өмір - бұлақ жыраққа қашады ағып,
жастығың да қалады тасаланып.
Адам сосын отырар ой кеміріп,
жақсы, жаман істерін жасап алып.
Ақын апам, өлеңі үлгі маған,
Махаббат лирикасын мың толғаған.
Жүрекпен, ықыласпен мағыналы,
Әдебиетке жол салған поэзиядан.
Дүние ғапыл, өткінші тағдырың-ай,
кім шығарған жалғанда заңды бұлай?
Болды-толды, өмірден өтті-кетті...
Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.
Ақын əпкем ізін қуған мен едім,
Ақындықты мен де сізден үйрендім.
Сіздей болу үшін маған керек көп еңбек,
Боламын сіздей,боларыма мен сендім.
Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі,
мен күрсінем қысқартып жеке күнді.
Ертеңіме асығам, есіме алып
бұл жалғанда сенің бар екеніңді.
Ақ, қарамыз, сарымыз –
Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып
Шырқатайық, кәне, біз.
Қызықпын-ау өзім де,
Мақтанарым шамалы.
Үйге келген кезімде,
Кеткім келмей қалады.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі