Достық
Дос туралы өлең де көп,жыр да көп,
Дос туралы айтылмаған сыр да көп.
Бір дос бар малыңа дос өзіңе емес,
Кейбір достар саф алтындай мыңда жоқ.
Жан жүрегім, жаным жеп,
Жанған отқа саласың.
«Анау сүйтті, бүйтті» деп,
Күнде мазамды аласың.
Басында жан мен дене екi басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
Таза арақты әкел, шырақ,
Болайын қайғыдан жырақ.
Бойым – еркiн, ойым – ұжмақ,
Тiлiм – бұлбұл, сөзiм – бұлақ!
Сұраған жанға сәлем айт,
Бiзден кейiн қалған:
«Тезiрек,– деп тұр,– үйге қайт»,
Өлiм деген балуан.
Қасыңа қылыш қайратқан,
Досыңа гүлдей жайнатқан,
Ерiк пен талап‚ ой берiп,
Ойыңды сөзбен сайратқан
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,
Патша тағы, бүкіл дүние малына.
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».
Көз жасы ағып барады
Сәждеге бара жатқанда
Көзімнен жас тоқтар емес
Сәждеге бас қойғанда
Айрылдым сенен, жан сәулем,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.
Жан, көз, қар және жаңа жыл жауып тұр...
Жауып тұр екі мың он тоғыз...
Келмеген көше және кетпеген...
Қар қимастығы қойныма тығылады кеп ауық бір...
Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Mал да аяулы,
жан да аяулы болса егер –
Малды аяма,
жаның үшiн малды сат!
Бүртүрлі мың сұрақ бар ішімде,
Сұрақтаға жауап бар әр сөзімде,
Ақ-қараны ұғындырып әр ісімде,
Сол үшін жазып отырым өлеңді түн ішінде!
Бәлкім тек қызық үшін арнадым өлең мен жыр,
Осылайша жұртқа ақтарылды іштегі сыр,
"Үйдегі сөз сырқа шықпасын! Сыртқы сөз үйге кірмесін!"
Деген көк сөзіме өзім сай бола алмадым!
Өтірік күлкі адамдарға жымиған,
Жұлдыздардан да қатты жарқыраған,
Адамдардың жаны қара түнек,
Өзін-өзі жаман іспен силамаған!
Ағады көзден жып-жылы жас,
Жаңа шырын сияқты, жап-жаңа жаз,
Көзден бетті, беттен жерді сүйет
Осы шығар өмірді мәні ғой деп!
Шын бақытын сүйіп тапқан бұл ғалам да,
Махаббат дертінен мен де қапы қалам ба?
Мен де бәлкім ғашық пенде шығармын,
Бұл әлем де теңдесі жоқ сұлу адамға!
Ай туады, бұлт көшеді Көктөбе де,
Махаббат бұл ескертпейді келер де,
Жүректегі саған арналған сезімім,
Тасып тұрмақ, сыймай жатса өлем бе?
Бір қуаныш, бір қайғысыз кетпейді,
Саған ғашық мендей азап шекпейді,
Шын махаббат көрсетейін дегенде,
Өзгелердің көзқарасы шектейді.
Сағы сынған қашқын жандай күйдемін,
Қап бұл жолы да түбегейлі күйредім.
Жұрт алдында жалғыз қалып қалғандай,
Сөз де түйе, ал ісім де түймемін.
Бұл махаббат бір жанға арналмайды,
Бұл махаббат орнына қойған айды,
Сондай күшті шексіз мына сезімде,
Жүректі сан мың рет жаралайды!
Бұл махаббат арналады анаңа,
Анаң үшін ыстық сезім жанама?
Бұл махаббат арналады мүмкін жарыңа,
Сезімді қалай сыйдырам санама?
Дүңк-дүңк етіп соғып тұр мендік жүрек,
Бұл жүрек жақындарға болған тірек,
Бұл жүрексіз ешқандай өмір болмас,
Махаббаттың шыңына шыққан сирек!
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі