Өлең, жыр, ақындар

Жан

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1966
Менің жаным шыбын ба шыныменен?
Шығып кетсе болғаны – бүгін өлем?
Жаным – шыбын және де біреу өзі…
Айтшы, дәлелдейсіңдер мұны немен?
Шыбын болса, жарайды, шыбын болар,
ал бір деген жай қате ұғым болар.
Жан дегенің жалғыз-ақ шыбын екен,
онда адамда не жөнді ғұмыр болар?
Сақтау үшін алысып жыртқыш елмен
қорғаймын деп жандарын жұрт күшенген.
Жан деп әлдеғандай ғып жүргеніміз
жалғыз шыбын дегенге тіпті сенбен!
Өмір - айдын, тірлігім – кеме көпір,
кеме үстінде бір шыбын келе ме құр?
Менің күйсіз ішімде жалғыз өзі
не деп отыр немесе не жеп отыр?
Бір клетка қалған жоқ тәнде жасаң,
өзімді алдап, жұртты алдап әнге басам,
біреу емес, кеудемнен мың шыбынның
қашып шығар кезі өтті әлдеқашан.
Адамда, рас, мың шыбын жан бар шығар,
мың шыбының қырылса, арман сынар.
Ажал-бақа бір-бірлеп таусып бәрін,
қалса менде, біреуі-ақ қалған шығар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шындық

  • 0
  • 0

Сырт көзге өз-өзімнен мықтысынып,
төрт жағым құбыладай көрінуге
немесе жиын-кеште жұрт тұшынып
тыңдардай ән боп шалқып төгілуге

Толық

Тілеу

  • 0
  • 0

Өмір деген сынақта
күн кештім күліп, жылап та.
Тұрсам да сайдың түбінде,
ұмтылдым тау деп қыратқа.

Толық

Өмір деген – махаббат

  • 0
  • 0

Өмір - сүю үздігіп,
құштарлықта жалын бар.
Қызу қанды қыз-жігіт,
ләззатына қаныңдар!

Толық

Қарап көріңіз