Анашым, ауырмашы....
Дертіңнің айықтырып дамылдашы,
Тек өзің қуат берер жаныма шын.
Бұл жырым бір өзіңе арналады,
Анашым, ауырмашы
Дертіңнің айықтырып дамылдашы,
Тек өзің қуат берер жаныма шын.
Бұл жырым бір өзіңе арналады,
Анашым, ауырмашы
Көл жағасы, тылсым - тыныш жан-жағым,
Толқындардың тербелісін таңдадым.
«Ей, толқындар, қайда алып барасың,
Көлде жүзген қос аққудың арманын?»
Өмір, өмір — өзі дегенің болады-ау,
Шырғалаңға толы мекен, мың қырау.
Ақындардың ақ арысы — бір тарау,
Мұқағали — жаны таза бір шырау.
Шаужайына жабысып қысыр күннің,
Өктем уақыт басады мысын мыңның.
Сырғып өткен сынаптай жастық шақтың,
Қайта айналып келмейтін тұсын білдім.
Қарашада қара суға қақ тұрды,
Атам қойын суық желге бақтырды.
Бүрсең қағып бара жатты бір апа,
Əжімдері мұң айтуға шақ тұрды.
Əуен біткен сезімдерді жырлай ма?
Оны да тек жүрегі бар тыңдайды ə?!
Бақ ішінде кезек-кезек əуелеп,
Күй төгіп тұр домбыра да сырнайға.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі