Қазақстан
Өлең-құсым қанат қақты дір етіп,
Тағылымды тарихымнан сыр шертіп.
Ардақтаумен, аялаумен өтейін,
Қазағымды мәңгі өлмес жыр етіп.
Туылғам Байғаниндей өңірінен
Бойыма талант қонып жыр төгілген
Берген ғой Аллам маған,шүкір қылам,
Сол себепті жырымды төгемін мен
Елордамыз Астана
Көркейе бер жас қала.
Жадыраған Астанам
Сен деп жазам дастан – ән
Алтын Орда, Ақ Орда ыдыраған кезі еді,
Хандық құру қазаққа, келген сол сәт кезгі,
Жаулап алу жерлерді қазаққа мақсат емес ті,
Айырмашылығы осы еді.
Күз келіп сарғайыпты жапырақтар,
Оранып сары кілем жасыл бақтар.
Тамыздың тамылжыған соңғы күні,
Естіліп қоңыр күрең күздің үні.
Студенттік деген ғажап шақ,
Қадірін біліп, ұға алсақ.
Көңілің жайнап көктемдей,
Алып ұшып кеткендей.
Біріңе қазақ жау болма,
Дұшпаның алар алқымнан.
Бірлігің болса мызғымас,
Жаратқан өзі жар болған.
Байрағымыз көк аспанда желбіресін,
Байтақ жерім, құт мекенім, елім десін.
Қазағыма ырыс қонған заманда бұл,
Бақ береке үйімізден үзілмесін.
Әгәрәки Абылай деп, жауларына ұмтылған,
Алаш, алаш, алаш десе тау көшкендей рухынан.
Қазағымның қанында бар көк түркінің әруағы,
Зар заманда, бұл заманда ел жұртымды қолдады.
Егемен ел болуды аңсап бабам,
Жауларын жерімізге жолатпаған.
Көзінің қарасындай қорғаштаған,
Ұрпаққа ұлан ғайыр жер қалдырған.
Өмір де бір шежіре кітаптайын,
Өткен әр күн оқылған парақтайын.
Ой сырласым болады түнде серік,
Талдағандай мазмұнын сараптайын
Жеткізем қалай сырымды,
Арнадым саған жырымды.
Қол жетпес көркем,аяулым,
Жүрегім дертке ұрынды.
Не істей алам, енді мен өзім үшін,
Шалқып біткен, қайратсыз көңіл үшін.
Бұл күндерде күліп, ойнап жүргенменен,
Не жасадым екінші өмір үшін.
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім,
Сенсіз қалай бақытты боп жүр едім.
Сәби деген сәби деген періште,
Анасының құрсағында өсетін.
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі