Қуатжан
Жақсының өзі жалғыз, ақылы егіз,
Дос екеу болған күнде, дұшпан сегіз,
Қуатжан!
Осындай қатар құрбым кез келгенде,
Бозбалаға лайық ойнап-күлмек,
Үйлесімді заманның жөнін білмек.
А-ай! Құбажай,
Осынау әнім, ә, жанға жай.
Ар жағында Ертістің нұр жайлаған,
Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған?
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.
Атым мінген астымда ақ кіндікті,
Сенің үйің белгілі боз түндікті.
Угай-ай, угай-ай, құрбым, ай-ау.
Ат өксітіп алыстан келгенімде,
Біздің ауыл, мінекей, колхоз аулы,
Өсуіне колхоздың еткен қаулы.
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Есік алды қара су ылай-ай деп, ай!
Сермей салдым қолымды, ал құбым-ай,
Былай-ай деп, ай!
Сен сәулемнің кетерін ойлағанда-ай,
Дүниенің ойнап-күл жарығында,
Жан қартаяр көңілдің жарымында-ай.
Толғаннан соң туған ай, о да қайтар,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.
Міндім де кер бестіні-ау, сауырладым-ай,
Біздерге қараса жүр-ау, бауырларым-ай.
Не жаздым, япыр-ай, жалған-ай,
Біреудің оң қарасын-ау алды әкем-ай.
Өлең білсем, ей, қалқа, өлең білсем-ау,
Не көрмейсің жалғаннан өлмей жүрсең-ау.
Дүниеден армансыз өтер едім-ау,
Өзім сүйген қалқамен бірге жүрсем-ау.
Қалам алып хат жаздым-ай, қалқам, саған,
Дидарласар күн қайда есен-аман.
Күндіз естен кетпейсің-ай, түнде түстен,
Бекер екен дүние сенсіз маған.
Дегенде қызыл уық-ей, қызыл уық,
Бір табан қыз байғұсқа шеше жуық-ай.
Кетеміз жер түбіне-ей, біздер байғұс,
Әкеге соның үшін болдым суық-ай.
Қызды жан деп, құдайым-ау, жаратады,
Қара шашын қайырып-ау, таратады.
Әлпештеген біреудің-ау баласы едім,
Қандай жанның қолына-ау қаратады.
Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл күнде қыздар бізгеқызығар ма?
Жігіттер, жолдас болсаң, жақсымен бол,
Жақсы алтын қайда жүрсе бұзылар ма.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі