Ана
Нұрын төккен күндейсің,
жылытатын жерімді.
Хош иісті гүлдейсің,
көркейтетін төрімді.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Жүрегімнің түкпірінде сақталған,
Жылы тиер, сан мың есім, аттардан.
Туа біте, жүрегімде бір сөз бар,
"Ана" деген әріптермен жатталған.
Сағынамын, терезеге қараймын,
Астананың шығысында арай мұң.
Жан анашым, құшағыңдай кең емес,
Кеңістігі зәулім-зәулім сарайдың.
Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.
Айдың сынығы
Анамның түсті қолына.
Бұлттардың тозған жұлығы
Даланың тиді жонына.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі