Өлең, жыр, ақындар

Қос Перизатым

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 1227
Асыл анам мен жан қарындасыма

Сағынамын, терезеге қараймын,
Астананың шығысында арай мұң.
Жан анашым, құшағыңдай кең емес,
Кеңістігі зәулім-зәулім сарайдың.
Қарындасым, неткен сиқыр күлгенің!?
Ұқсатамын сені нәзік гүлге тым.
Қарындасым, құшағың-ай кішкене...
Жылыта алмас ыстығы да шілденің.
Екі күнім, перизатым, қос гүлім!
Жарты шаһар ұсынады достығын.
Алматыдан сағыныштың лебі есіп,
Астанада жүрген мені басты мұң.
Балалықтан байқаусызда ығыстық,
Есейдік те, бұл жалғанмен ұғыстық.
Анашым-ау! Мейірбандық нұр берген
Жүрегіме алақаның ып-ыстық.
Анашым-ау, өзі көктем, өзі күз!
Қалдырыпты ай жүзіңе сезім із.
Анамыздың жанарына ұқсайды,
Қарындасым екеуміздің көзіміз.
Нұр жүрекке, жайылады жыр таңға...
Сағыныш бар, махаббат бар бұл маңда.
Қарындасым екеуміз де туа сап,
Ғашық болдық бір жанарға, бір жанға.
Қуа алмайтын еш қиындық шаттықты...
Естен кетпес балалық сол шақ тіпті.
Қарындасым екеуміз де емгенбіз
Ақ жүректі аппақ жаннан ақ сүтті.

Анам әлі шөбересін көреді...
Анаң әлі шашыңды да өреді.
Жұбатқан жан қарындасым жыласа,
Мені де әлі жұбатумен келеді.
Қарындасым түніменен зар жылар,
Анам айтып бесік жырын, таң шығар.
«Әлди, әлди» естімедім алғаш рет,
Ұйықтай алмай жүргенім де сол шығар.
Ең әдемі анамыздың күлуі!
Ең қуатты анамыздың жылуы!
Қарындасым екеуміздің анамыз,
Әлемдегі сұлулардың сұлуы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің сөздерің

  • 0
  • 0

Сен маған «ойламаймын, ұмытамын» дегенсің,
Сен маған «өзге жанды жылытамын» дегенсің.
Сен маған «сағынбаймын, жыламаймын» дегенсің,
Сен маған «мұң алдында құламаймын» дегенсің.

Толық

Мұң патшасы

  • 0
  • 0

Қарап тұрған жалғыз жанар тесіле,
Ай көзінен сіңдіріп мұң төсіме.
Тәнсіз жүрек ақтара сап қайғысын,
Төне қалды бұлт көйлегін шешіне.

Толық

Мен өмір сүремін...

  • 0
  • 0

Мен өмір сүремін...
Нұр жанарында бақыттың,
Ақ кірпігінде уақыттың.
Мен өмір сүремін...

Толық

Қарап көріңіз