Даңқ – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Даңқ» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 958
Құмарттым даңққа мен неге?
Береке бермес ол елге.
Сыймайды жаным кеудеме,
Толсам деп барша кемелге.
Ертеңгі күнім неғайбыл,
Талықсып жаным мен дейді.
Қырсығып дүние талай кіл
Еркіме менің көнбейді.
Айтарын ащы азаптың
Жамағат сеніп құп алса,
Пейіш пен олар дозақтың
Үнінің парқын ұға алса;
Есесі есіл еңбектің
Қалмасын білсем өсекке;
Тәрк етіп сотын жер-көктің,
Жатар ем тыныш төсекте.
Күдіктің бірақ мендегі
Сырына жете алмадым:
Қысқа ғой қызық жердегі,
Даңқтың да көрдік жалғанын.
Ақынның ертең жас ұрпақ
Әруағын, мейлі, көтерсін,
Кетеді, түбі, жатырқап.
Жады ғой бұл жұрт, не етерсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері