Ұстазым.
Ұстазым деген- мейірбан,
Ұстазым деген -ізгі жан.
Ақылшым менің ұстазым,
Ұстазым деген қамқоршым.
Білімнің шыңын таңдамай,
Шәкіртті мүлде талғамай.
Ұстазыммен мақтанам,
Ұлағатты Жаннадай!
Кешікті неге бүгін таң қылаңы?
Неліктен бозторғайдай зар қыламын.
Жан аға сен өлді деп естігенде,
Жүрегім парша-парша қан жылады.
Он алты өрен өсірдім тәрбиелеп қанша жыл,
Еңбегімнің қайтқаны тәлімімді алса бұл.
Риза сезім бой билеп, мақтанамын мен бүгін,
Өңкей жұлдыз жарқырап, көкірегінде жанса жыр.
Сырласқан жаспен, кәрімен,
Сыйласқан жұрттың бәрімен,
Сөйлеген сөзді жәйімен –
Ұстазым қымбат бәрінен.
Ұстаздар күніне....
Ұстаз ана ұлы есім расында,
Қарамайды қартыңада жасыңа.
Келіп тұрар кең білімді бергісі,
Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын
Көңілдерін бірден жаулап аласың
Анамдайсың көңілімді қимайтын
Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың
Жерінде мынау қазақтың,
Өмірге келген бір ақын.
Ауылында Манаштың,
Келіпті сұлу қыз ақын...
Мұғалімдер - ұстаз атты аңсар ән,
Жандар солар білім үшін жар салған,
Жандар солар қыркүйегінде көш түзеп,
Төл мейрамын қуанышпен қарсы алған!
Білімнің төгілтеді нәр бұлағын,
Жауапсыз қала қоймас әр сұрағың.
Біледі қоғамы әр кез мұндай жанды -
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.
Төрт жирма бес өмір сүрген адам бар,
Әр қайсысы – ғажап алып қадамдар.
Бір жирма бес өмір сүрген адам бар,
Тындырғанын зерттер талай замандар.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі