Замана
Ақша озды заманда ақылдан да,
Дарақы,тентек озды мақұлдан да.
Дөрекі,ұры-қары күні туды,
Сондайлар мықты болды батырдан да.
Шарасы жоқ пендесі,
Басқа салса Алласы.
Досқа қатер кездессе,
Құрбан болар жолдасы.
Қыс айының аязды бір кешінде,
Сырғанақты бастап едім бесінде.
Қараөткелдің "Алатаудай" жарында,
Соңғы тепкен сырғанағым есімде.
Мен бақытты баламын,
Футболшы болу арманым.
Еңбек етіп өтемін,
Арманыма жетемін.
Қазағым, намысыңды қайра деймін,
Дініңді мұсылмандық ойла деймін.
Ана тілім-ұлт тілі,қазақ тілі,
Қомсынбай өз тіліңде сайра деймін.
Кез келгенді тоқтай қап,
Тыңдай берсең пікір көп.
Көп жүрген жер тайғанақ,
Тыңмен жүрсең шұңқыр көп.
Тәуелсіз елім менің,
Шарықтап жасай берсін.
Құттықтап қазақ елін,
Жасай бер елім менің.
Білімді бол,жоққа басты игізбе,
Қайратты бол, қайғыға бет сүйгіш бе.
Қанағат қыл, үлесіңді өте де,
Арсызға еріп, арыңа шаң тигізеді.
Ажал, маған арақ берсең,
Кейімей мас болып өлсем,
Қияметте түрегелсем,
Айықпай куанып жүрсем.
Намыс қайда жігіттер,намыс қайда?
Жүректегі ”елім” дейтін қағыс қайда?
Жерлеріне бөтен аң кіріп келсе
Арыстан да жан үшін алыспай ма?
Нелер алдым,бердім нені,бермедім?
Тақпадым ба тым артықтау елге мін?!
Көкке ұмтылып қоймадым ба байқамай
Ұмытылып кеткен жоқ па жердегім?
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі