Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (42) Әзіл, анекдоттар (1)

"адал" туралы Мақал-мәтелдер

"адал" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "адал" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.

Ілмектер: әділ, адал, адам, өмір
WhatsApp Telegram

Алыс-беріс адал істе епшіл бол,
Жол ашылар, әр кезде де көпшіл бол.

Ілмектер: адал, көпшіл, жол
WhatsApp Telegram

Адалға есеп, арамға да сұрау бар...

Ілмектер: адал, арам, сұрау, есеп
WhatsApp Telegram

Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.

Ілмектер: адал, құт, іс, ақыл, өмір, қиын
WhatsApp Telegram

Адал сөзбен айтысады,
Өсек сөзбен сыбырласады.

Ілмектер: өсек, сөз, адал, айтысу
WhatsApp Telegram

Адал дүниеге есеп керек.

Ілмектер: адал, дүние, есеп
WhatsApp Telegram

Адал туған бала –
Әкесіне пана.

Ілмектер: адал, бала, пана, әке, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Адал дос тарыққанда жебейді,
Қысылғанда демейді.

Ілмектер: адал, дос, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Адал адамның аты арып,
Тоны тозбас.

Ілмектер: адал, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Ілмектер: адал, еңбек, арам
WhatsApp Telegram

Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Ілмектер: адал, еңбек, арам
WhatsApp Telegram

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Ілмектер: ел, арам, қу, еңбек, адал
WhatsApp Telegram

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Ілмектер: әділ, сауда, әкім, адал
WhatsApp Telegram

Адалдық — ардың ісі.

Ілмектер: адалдық, ар, адал, адамгершілік, ізгілік
WhatsApp Telegram

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Ілмектер: нәсіп, арам, адал, ешкі, түйе
WhatsApp Telegram

Адалдық үшін арыдым деме.

Ілмектер: адал, адалдық
WhatsApp Telegram

Адал кісі арымас,
Арам кісі жарымас.

Ілмектер: арам, адал, адам
WhatsApp Telegram

Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.

Ілмектер: адал, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
Жақсы іске жан сүйінер.

Ілмектер: адал, жақсы, ар
WhatsApp Telegram

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Ілмектер: байлық, адал, билік, әділдік
WhatsApp Telegram