Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (45) Өлеңдер (10) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (59) Әзіл, анекдоттар (3)

Ақша — Мақал-мәтелдер жинағы

Бұл бөлімде "ақша" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ақша деген қолдың кірі.

Ілмектер: ақша, қол, кір, түрік мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақ-адал ақша қара күн үшін.

Ілмектер: адал, ақша, қара, күн, түрік мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақша жинап атың шықпас.

Ілмектер: ақша, жинау, ат, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақшаның арқасында ғана адам атанбассың.

Ілмектер: ақша, адам, атану, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.

Ілмектер: бқрік, бас, ақша, жан
WhatsApp Telegram

Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.

Ілмектер: бай, ақша, ниет, ізгі
WhatsApp Telegram

Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.

Ілмектер: ақша, береке, адам
WhatsApp Telegram

Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.

Ілмектер: ақыл, ер, ақша, байлау, қыл, тұзақ, құс
WhatsApp Telegram

Ақшаны жолда тапсаң да,
Санап ал.

Ілмектер: ақша, санау, табу
WhatsApp Telegram

Ақшадан уәде күшті.

Ілмектер: ақша, уәде
WhatsApp Telegram

Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді?

Ілмектер: ақша, әділдік
WhatsApp Telegram

Ақша болса, қыз табылар.

Ілмектер: ақша, қыз
WhatsApp Telegram

Ақша барда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.

Ілмектер: ақша, көз
WhatsApp Telegram

Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.

Ілмектер: ақша, ақыл, адам, көз, ашкөздік, тор, құс
WhatsApp Telegram

Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.

Ілмектер: есек, құн, теңге, ақша, қырғыз мақалы, тоқым
WhatsApp Telegram

Жарлының қалтасына ақша түссе,
Тырна болып сұңқылдайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, ақша, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бір тиын беріп айттыра алмайды,
Мың тиын беріп қойдыра алмайды.

Ілмектер: тиын, ақша, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Аппақ ақшаң қаралы күнге қажет.

Ілмектер: ақша
WhatsApp Telegram

Қара бұлтты жел ашар,
Қара құлыпты пара ашар.

Ілмектер: қара, бұлт, жел, ақша, пара
WhatsApp Telegram

Қарыз алған ақшамен байымассың.

Ілмектер: қарық, ақша, парсы мақалы
WhatsApp Telegram