"бай" туралы Мақал-мәтелдер
"бай" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Өлім байдың барын шашады, жоқтың артын ашады.
Ілмектер:
өлім, бай
Түйелі бай — киелі бай,
Қойлы бай — қорлы бай.
Жылқылы бай — сылдыр бай,
Сиырлы бай — сылбыр бай,
Ешкілі бай — есепті бай.
Ілмектер:
жан-жануар, төрт түлік мал, бай
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
Ілмектер:
ағайын, бай
Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Ілмектер:
бай, батыр
Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.
Ілмектер:
бай, батыр, қатын
Батыр — аңғырт, .
Бай — салғырт.
Ілмектер:
батыр, бай
Батыр бастас,
Бай тұстас.
Ілмектер:
батыр, бай
Ұры бір түнде — бай,
Бір күнде — кедей.
Ілмектер:
ұры, бай, кедей
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.
Ілмектер:
бай, би, мақтаншақтық, мақтану
Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.
Ілмектер:
қатын, бай, өлім
Бай күйігі - сыртта, бала күйігі - іште.
Ілмектер:
бай, бала
Үркер жиылып - ай болмас,
Кедей жиылып - бай болмас.
Ілмектер:
кедей, ай, бай
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі