Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (23) Өлеңдер (99) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (58)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"күн" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"күн" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "күн" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Күн батылдарды, ал әлсіздерді құмдарды алады.

Ілмектер: мысыр мақалы, батыл, әлсіз, күн, құм
WhatsApp Telegram

Кешегi күннен алыс жоқ, ертеңгi күннен жақын жоқ.

Ілмектер: кеше, күн, ертең, алыс, жақын
WhatsApp Telegram

Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.

Ілмектер: бұлт, күн, отан, тентек, ұмыту
WhatsApp Telegram

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Ілмектер: өлім, бура, бота, кәрі, жас, ай, күн, ажал
WhatsApp Telegram

Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.

Ілмектер: бөрі, бөлтірік, қасқыр, қан, күн, жануарлар туралы мақал
WhatsApp Telegram

Бос кеуделер көрсе дәулет шіркінді,
Тістей қатар бос жібермей бір күнді.

Ілмектер: кеуде, дәулет, күн
WhatsApp Telegram

Бос жіберме өміріңді, шалып қал,
Кетер күннен керегіңді алып қал.

Ілмектер: өмір, күн
WhatsApp Telegram

Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.

Ілмектер: өмір, бек, тәтті, ел, халық, күн, қараңғы, басшы
WhatsApp Telegram

Бақытсыз күн де өтер,
Молшылық та жетер.

Ілмектер: бақыт, күн, молшылық, бақытсыздық
WhatsApp Telegram

Байлығы тайған бек
Жұртсыз күн көре алмайды.

Ілмектер: бай, байлық, бек, жұрт, күн
WhatsApp Telegram

Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.

Ілмектер: әкім, күн, молда, дін, жаман
WhatsApp Telegram

Әкімге қарсы болма, күніңе кемшілік болар,
Молдаға қарсы болма, дініңе кемшілік болар.

Ілмектер: әкім, молда, дін, күн
WhatsApp Telegram

Аяз болады, бұлт болады,
Өткен күндер ұмыт болады.

Ілмектер: аяз, бұлт, күн, ұмыт
WhatsApp Telegram

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.

Ілмектер: аспан, ай, күн, ел, жер, әкім
WhatsApp Telegram

Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.

Ілмектер: ел, алып, дүрлігу, данышпан, күн
WhatsApp Telegram

Алты ай от болып,
Айырылар күні боқ болма.

Ілмектер: алты, ай, боқ, күн
WhatsApp Telegram

Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды.

Ілмектер: алақан, күн, бет
WhatsApp Telegram

Ақыл — шам-шырағың түндегі,
Білімділік — жарық көзі күндегі

Ілмектер: жарық, көз, ақыл, білімділік, түн, күн
WhatsApp Telegram

Айы біткен айда өтер,
Күні біткен күнде өтер.
Күні өтерін білмеген,
Бейілі кетіп, пір кетер.

Ілмектер: ай, күн
WhatsApp Telegram

Ай, күн әлемге бірдей,
Патша адамға бірдей.

Ілмектер: ай, күн, патша, әлем
WhatsApp Telegram