"өнер" туралы Мақал-мәтелдер
"өнер" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
Ілмектер:
бала, өнер, мінез, сұлу
Ілім іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Ілмектер:
ілім, білім, өнер
Жiгiттiң екi өнерi бар:
Атқанда – жыққан, ашқанда – оқыған.
Ілмектер:
жігіт, өнер
Өнер ағып жатқан бұлақ,
Ілім жанып тұрған шырақ.
Ілмектер:
өнер, ілім, білім
Көп көрген - нұсқа,
Көп істеген - ұста.
Ілмектер:
ұста, өнер
Бай болмасаң, бай болма,
Білім-өнерге сай бол.
Ілмектер:
бай, білім, өнер
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
Ілмектер:
ұста, өнер
Өнерлі қол аш болмас.
Ілмектер:
өнер, қол
Ел өнерге бой ұрды,
Қараңғылық жойылды.
Ілмектер:
ел, өнер
Қызы мінезід келсін,
Ұлы өнерлі келсін.
Ілмектер:
ұл, қыз, өнер, мінез
Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.
Ілмектер:
білім, қағаз, ұста, өнер
Өнерің болса, өлемін деме.
Ілмектер:
өнер
Ісмердің байлығы қолында,
Кемеңгердің байлығы жолында.
Ілмектер:
өнер, ісмер, кемеңгер
Жұмыстың көзiн тап,
Қисықтың тезiн тап.
Ілмектер:
жұмыс, өнер
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі