"ер" туралы Мақал-мәтелдер
"ер" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Ерге сүйенсең,
Ергенегің мықты болар.
Елге сүйенсең,
Қараша үйің құтты болар.
Ілмектер:
ер, үй
Ер сыйлаған жерде кәдірлі.
Ілмектер:
ер, жер
Ездің тілі — батыр,
Ердің қолы — батыр.
Ілмектер:
батыр, ер
Көр көкірек жігіттен
Ер көкірек егде артық.
Ілмектер:
жігіт, ер
Құс қанатымен,
Ер атымен.
Ілмектер:
ер
Алтын кемер белге сән,
Алтын қылыш ерге сән.
Ілмектер:
ер, алтын
Етек-жеңі кеңдік
Елге тән қасиет.
Ептілік пен ерлік
Ерге тән қасиет.
Ілмектер:
ел, ер
Аққу көлге, ер елге паналайды.
Ілмектер:
ер, ел
Елмен дауласпа,
Ермен жауласпа.
Ілмектер:
ел, ер
Елі жоқ — жер жетім,
Ері жоқ — ел жетім.
Ілмектер:
жетім, ер, ел
Ер шешуде, нар кешуде сыналар.
Ілмектер:
ер
Ерегіспен ер өлер,
Екі тентек егессе,
Екеуінің бірі өлер.
Ілмектер:
ер
Ер намысқа шабады,
Намысқа шапса,
Алысқа шабады.
Ілмектер:
ер, намыс
Ердің қадірін
Өлгенде білерсің.
Елдің қадірін
Жат жерде жүргенде білерсің.
Ілмектер:
ер, ел
Ерді ел өсіреді,
Гүлді жер өсіреді.
Ілмектер:
ер, ел, жер
Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.
Ілмектер:
бірлік, ер, ел
Ер жігіт айтпайды,
Айтса, қайтпайды.
Ілмектер:
ер, жігіт
Ер екі сөйлемейді.
Ілмектер:
ер
Ер қадірін білмеген
Ел қадірін білмейді.
Ілмектер:
ел, ер
Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.
Ілмектер:
ер, мал
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі