Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (217) Өлеңдер (355) Жоспарлар (25) Мақал-мәтелдер (87) Ұлағатты сөздер (55) Әзіл, анекдоттар (5)

"ана" туралы Мақал-мәтелдер

"ана" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ана" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Өгей ана міншіл,
Жетім бала кекшіл.

Ілмектер: өгей, ана, жетім, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Анасын көр де,
Қызын ал.

Ілмектер: ана, қыз
WhatsApp Telegram

Ананың жаны –
Судың толқыны.

Ілмектер: ана, жан, су, толқын
WhatsApp Telegram

Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.

Ілмектер: татулық, араздық, ана, ата
WhatsApp Telegram

Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.

Ілмектер: ана, бала, тіс, алма
WhatsApp Telegram

Анасы жұқалап нан жапса,
Баласы бұтарлап асайды.

Ілмектер: ана, бала, нан
WhatsApp Telegram

Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.

Ілмектер: мысық, ана, бала
WhatsApp Telegram

Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.

Ілмектер: жылау, бала, ана, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жұбату
WhatsApp Telegram

Жақсы жеңгең – жарты анаң.

Ілмектер: жеңге, ана, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.

Ілмектер: түн, қараңғы, ана, қыз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Анаң өлсе,
Өгей шешенің қабағына қарамағанда қайтесің.

Ілмектер: ана, өгей шеше, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Адалдық ана сүтінен де абзал.

Ілмектер: адалдық, ана, сүт, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Атадан - өсиет, анадан - қасиет.

Ілмектер: ата, ана, өсиет
WhatsApp Telegram

Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.

Ілмектер: су, ана, бұлақ, құлақ, ие
WhatsApp Telegram

Жер - анасы,
Мал - баласы.

Ілмектер: жер, ана, бала
WhatsApp Telegram

Алып - анадан, ат биеден.

Ілмектер: алып, ана, бие
WhatsApp Telegram

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

Ілмектер: сақау, бала, ана, отбасы, туыс, жанұя
WhatsApp Telegram

Алып - анадан, ат - биеден.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, ат, ана, бие
WhatsApp Telegram

Елің - панаң,
Жерің - анаң.

Ілмектер: ел, жер, туған жер, пана, ана
WhatsApp Telegram

Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Ілмектер: ана, бала, әйел, сан туралы мақал
WhatsApp Telegram