Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (17) Өлеңдер (99) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (167)

"дүние" туралы Мақал-мәтелдер

"дүние" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дүние" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Кең дүние кереметсіз емес.

Ілмектер: дүние, керемет, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Ілмектер: дүниеқор, дүние, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Тар пейілге - дүние тар,
Кең пейілге - лашық та кең.

Ілмектер: пейіл, дүние, лашық
WhatsApp Telegram

Дүние жиып нетесің,
Бір күн тастап кетесің.

Ілмектер: дүние, күн
WhatsApp Telegram

Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық.

Ілмектер: мал, дүние
WhatsApp Telegram

Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге,
Жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге.

Ілмектер: жақсы, жаман, су, дүние
WhatsApp Telegram

Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, дүние
WhatsApp Telegram

Сүйіктің жоқта дүние суық.

Ілмектер: сүйікті, дүние, жанұя
WhatsApp Telegram

Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.

Ілмектер: қайғы, адам, дүние
WhatsApp Telegram

Өзіңді өзің тыймасаң,
Өзгені қалай тыярсың?
Құлы болсаң құлқынның,
Дүниеге қайтып сыярсың?!

Ілмектер: дүние, тыю
WhatsApp Telegram

Дүние ақылдыға жарық,
Ақылсызға тамұқ.

Ілмектер: ақыл, дүние
WhatsApp Telegram

Адам — дүниенің ажары,
Дүние — өмірдің базары.

Ілмектер: адам, дүние
WhatsApp Telegram

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Ілмектер: дүние, тас
WhatsApp Telegram

Өлім байдың малын шашады, жоқтың көтін ашады

Ілмектер: өлім, дүние
WhatsApp Telegram

Есепсіз дүние жоқ.

Ілмектер: дүние, есеп
WhatsApp Telegram