Жүрек — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет
Бұл бөлімде "жүрек" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
Ілмектер:
отан, тілек, жүрек
Бас – кемеңгер,
Жүрек – ер,
Құлақ – бұлақ,
Аяқ – пырақ,
Қол – мұрап,
Тіл – тілмаш,
Кілтін тап та сырын аш.
Ілмектер:
амалын табу, дене мүшелері, тіл, бас, жүрек, құлақ
Жүрек — ер, бас — кемеңгер.
Ілмектер:
ер, жүрек
Тілі басқа — тілегі бір,
Түрі басқа —жүрегі бір.
Ілмектер:
тіл, жүрек
Жүрек сүю үшін жаралған,
Көңіл түю үшін жаралған.
Ілмектер:
жүрек, көңіл
Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы — жүрегінде.
Ілмектер:
ақыл, жүрек
Жүрегіңнің жұмбағын
Жүзің шешіп береді,
Жүзің шешіп бермесе,
Сөзің шешіп береді.
Ілмектер:
сөз, жүрек, адам
Жүректің жолы — ыстық,
Білектің жолы —суық.
Ілмектер:
жүрек, адам
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Ілмектер:
сұлу, бет, ақыл, жүрек
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі