Сөз — Мақал-мәтелдер жинағы - 21-бет
Бұл бөлімде "сөз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
Ілмектер:
сөз, тіл
Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Ілмектер:
тәуекел, көңіл, жара, сөз, тіл
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Ілмектер:
сөз, тіл
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Ілмектер:
сөз, тіл
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
Ілмектер:
сөз, тіл
Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.
Ілмектер:
олақ, сөз, тіл
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Ілмектер:
шешен, сөз
Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.
Ілмектер:
шебер, шешен, сөз, тіл
«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.
Ілмектер:
сөз, тіл
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
Ілмектер:
сөз, әдемі, тіл
Қатты айтсаң,
Қарындасыңа жақпайсың.
Ақырын айтсаң,
Ақың кетеді.
Ілмектер:
сөз, тіл, туыс, ақы
Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Ілмектер:
су, сөз, шын, тіл
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.
Ілмектер:
сөз, тіл
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Ілмектер:
сөз, тіл
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Ілмектер:
сөз, тіл
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі