Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (28) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (12) Әзіл, анекдоттар (2)

Ағаш — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет

Бұл бөлімде "ағаш" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.

Ілмектер: халық, ұрпақ, ағаш
WhatsApp Telegram

Алтын балтаның да сабы ағаш.

Ілмектер: алтын, ағаш, қол өнері
WhatsApp Telegram

Жемісті ағашқа тас атпа,
Буаз биеге тас артпа.

Ілмектер: ағаш, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.

Ілмектер: ағаш, күн
WhatsApp Telegram

Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу.

Ілмектер: ағаш
WhatsApp Telegram

Қалың ағаштың
Қисығы болмайды.

Ілмектер: ағаш
WhatsApp Telegram

Тұт ағаштың тұтын же,
Тұтын жесең, күтіп же!

Ілмектер: ағаш
WhatsApp Telegram

Аялы ағаш —
Саялы.

Ілмектер: ағаш
WhatsApp Telegram

Бір тал кессең,
Он тал ек.

Ілмектер: тал, ағаш
WhatsApp Telegram

Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.

Ілмектер: кәрі, адам, ағаш
WhatsApp Telegram

Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.

Ілмектер: ағаш, жер
WhatsApp Telegram

Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.

Ілмектер: жалғыз, ағаш, бала
WhatsApp Telegram

Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салса кертілер.

Ілмектер: ағаш, өсімдік, темір, болат
WhatsApp Telegram

Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.

Ілмектер: адам, көркі, ағаш
WhatsApp Telegram