Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (98) Өлеңдер (17) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (112) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (5)

Бай — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет

Бұл бөлімде "бай" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Байды бәлекет басса, жортуыл бастайды.

Ілмектер: бай, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Баста ұтқан байымас,
Кейін ұтқан танымас.

Ілмектер: бай, қырғыз мақалы, байлық
WhatsApp Telegram

Бар бадарын айтады,
Жоқ зарын айтады.

Ілмектер: зар, бай, кедей
WhatsApp Telegram

Жарлымен жауласқанша,
Баймен барымталас.

Ілмектер: жарлы, бай, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бай малайдың парқын білмейді,
Бәйбішесі артық тілдейді.

Ілмектер: бай, бәйбіше, малай, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.

Ілмектер: ай, бай, сенім, аштық, үсу, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Ілмектер: базар, бар, бай, кедей, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Ілмектер: бар, жоқ, кедей, бай, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Кедей байға жетем дер,
Бай құдайға жетем дер.

Ілмектер: кедей, бай, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бай союға қой таппай,
Жатақтың лағын сұрапты.

Ілмектер: бай, қой, лақ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бай көшерде жүгін жинайды,
Құл жұлығын жинайды.

Ілмектер: бай, көшу, құл, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Пышағы өткір байымайды.

Ілмектер: пышақ, қырғыз мақалы, бай, кедей
WhatsApp Telegram

Қырық жылда бай мен кедей теңелер.

Ілмектер: кедей, бай
WhatsApp Telegram

Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.

Ілмектер: бай, әйел, оймақ
WhatsApp Telegram

Бай болмасаң, бай болма,
Білім-өнерге сай бол.

Ілмектер: бай, білім, өнер
WhatsApp Telegram

Қазақ байдың ұлы болғанша,
Халық байдың ұлыбол.

Ілмектер: қазақ, бай, ұл, халық
WhatsApp Telegram

Бай кісі бақырып бола ма?

Ілмектер: бай
WhatsApp Telegram

Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, өлім, қатын
WhatsApp Telegram

Балдан тамар, байдан жұғар.

Ілмектер: бал, бай, жұғу, таму
WhatsApp Telegram

Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.

Ілмектер: бай, дос, сауда, бауыр
WhatsApp Telegram