Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (45) Мақал-мәтелдер (56) Ұлағатты сөздер (76)

"жан" туралы Мақал-мәтелдер

"жан" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жан" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.

Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық
WhatsApp Telegram

Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр, жан, ерлік, батырлық
WhatsApp Telegram

Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.

Ілмектер: ауру, жан, денсаулық
WhatsApp Telegram

Мал байдікі,
Жан құдайдікі.

Ілмектер: бай, жан, байлық
WhatsApp Telegram

Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Ілмектер: жан, қайғы, денсаулық
WhatsApp Telegram

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.

Ілмектер: бала, жалғыз, жан
WhatsApp Telegram

Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: кеме, жан, бір
WhatsApp Telegram

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Ілмектер: мал, жан, қайғы
WhatsApp Telegram

Бітпеген малдан үміт,
Шықпаған жаннан үміт.

Ілмектер: мал, жан, үміт
WhatsApp Telegram

Жақсыны көріп —
Жан семіреді.

Ілмектер: жақсы, жан
WhatsApp Telegram

Жаным десе, жан семірер.

Ілмектер: жаным, жан
WhatsApp Telegram

Тәні саудың - жаны сау.

Ілмектер: тән, жан, сау
WhatsApp Telegram

Тәнім – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы.

Ілмектер: жан, ар
WhatsApp Telegram

Атамекен аясы - адамның жан саясы.

Ілмектер: атамекен, адам, жан
WhatsApp Telegram

Жақсының жаны - жаннат.

Ілмектер: жақсы, жан, жаннат
WhatsApp Telegram

Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.

Ілмектер: мал, жан, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram