Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (57) Ұлағатты сөздер (10)

"сақтық" туралы Мақал-мәтелдер

"сақтық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сақтық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жамандықты жасырма,
Жаманды басыңнан асырма.

Ілмектер: жамандық, сақтық
WhatsApp Telegram

Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Сақтықты сұңқардан үйрен!

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.

Ілмектер: сыр, сақтық
WhatsApp Telegram

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Ілмектер: жау, сақтық
WhatsApp Telegram

Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.

Ілмектер: жау, сақтық
WhatsApp Telegram

Жауды аяған-жаралы.

Ілмектер: жау, сақтық
WhatsApp Telegram

Бәледен машайық та қашыпты.

Ілмектер: бәле, сақтық
WhatsApp Telegram

Айтқан жерде бәле жоқ,
Ақ жүргенге жала жоқ.
Қауіп қайдан болса
Қатер сонан.

Ілмектер: сақтық, қатер
WhatsApp Telegram

Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.

Ілмектер: сақтық, жау
WhatsApp Telegram

Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Ілмектер: сақтық, жау, бөрі
WhatsApp Telegram

Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.

Ілмектер: сақтық, ақыл, айла
WhatsApp Telegram

Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Жарақтыда жау жолықпас.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Сақтықта қорлық жоқ.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram