Өнеге — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет
Бұл бөлімде "өнеге" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Жаураған үйде қалған тонын мақтайды,
Адасқан жоғалтып алған жолын мақтайды.
Ілмектер:
тәрбие, мақтау, өнеге
Епетейсіз асыққан
Етегіне сүрінер.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Құтырғаннан
Құтылғанның өзі олжа.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Қолмен істегенді
Мойынымен көтереді.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Сол көзің оң көзіңе қарауыл болсын.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Оң қолың ұрыс бастаса,
Сол қолың арашашы болсын.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Ымға түсінбеген
Дымға түсінбейді.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Жеңілдігі қаңбақтай,
Ширақтығы жаңғақтай.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
Өтпес пышақ
Жүйкеңді құртар,
Құрғақ қасық
Аузыңды жыртар.
Ілмектер:
тәрбие, өнеге
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі