Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (17) Өлеңдер (19) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (88) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (2)

Алтын — Мақал-мәтелдер жинағы - 4-бет

Бұл бөлімде "алтын" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Алтын базарында бағалы.

Ілмектер: алтын, базар
WhatsApp Telegram

Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.

Ілмектер: жас, өмір, алтын, күміс
WhatsApp Telegram

Бір жерде алтын сыйлы,
Бір жерде халқың сыйлы.

Ілмектер: халық, алтын
WhatsApp Telegram

Ақыл тозбайды,
Алтын шірімейді.

Ілмектер: алтын, ақыл
WhatsApp Telegram

Алтын алма, ақыл ал.

Ілмектер: алтын, ақыл
WhatsApp Telegram

Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.

Ілмектер: ақыл, алтын
WhatsApp Telegram

Кестешінің бізі — алтын,
Кемеңгердің сөзі — алтын,
Көрегеннің көзі — алтын.

Ілмектер: алтын, адам
WhatsApp Telegram

Алтын тыққан адам арықтап өлер.

Ілмектер: алтын, адам
WhatsApp Telegram

Алтын отта сыналар,
Адам жоқта сыналар.

Ілмектер: адам, алтын
WhatsApp Telegram

Таздың тарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.

Ілмектер: денсаулық, алтын
WhatsApp Telegram

Ат тұяғы—алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұраптабатын.

Ілмектер: алтын, төрт түлік мал, тіл, адам
WhatsApp Telegram

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Ілмектер: күміс, алтын, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Күміс күнге қонса,
Алтын өз аяғымен келер.

Ілмектер: күміс, алтын, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Ілмектер: алтын
WhatsApp Telegram

Алтынды еріткенмен,
Жез болмайды
Жібекті жуғанмен,
Бөз болмайды.

Ілмектер: алтын, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Алтын балтаның да сабы ағаш.

Ілмектер: алтын, ағаш, қол өнері
WhatsApp Telegram

Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: алтын, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Қайыптан тапқан алтыннан
Ақсақал берген бата артық
Қайыры жоқ жақыннан
Жаны жақсы жат артық.

Ілмектер: алтын, жат, туған, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Ілмектер: алтын, жоғалған
WhatsApp Telegram

Түйе алтын артып жүрсе де,
Жантақ жеуін қоймайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, алтын
WhatsApp Telegram