Ел — Мақал-мәтелдер жинағы - 5-бет
Бұл бөлімде "ел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көшпелі елде ақың болса,
Көше-көше қасыңа келер.
Ілмектер:
ел, ақы
Қарға тамырлы қазақ.
Ілмектер:
қазақ, ел
Естімеген елде көп.
Ілмектер:
ел
Ел аузы - дуалы.
Ілмектер:
ел
Көшкен елдің көмеші болса,
Еру елдің ерулігі бар.
Ілмектер:
ел
Қараның таққа мінгені -
Бір біріне құда түскені.
Ілмектер:
тақ, құда, ел
Отты қузаған өшірер,
Қоңсыны қузаған көшірер.
Ілмектер:
от, қоңсы, ел
Елде түлкі аштан өлмес.
Ілмектер:
ел, түлкі
Ел алмаған елу жыл жатады.
Ілмектер:
жыл, ел, халық
Еділ ел болып келгенге су болады,
Едірейіп келгенге, у болады.
Ілмектер:
у, су, ел
Ерлік қаза- өлтірмейді,
Ел көңілінен кетірмейді.
Ілмектер:
қаза, ерлік, ел
Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.
Ілмектер:
ер, ел, ерлік
Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр - жерде жатыр.
Ілмектер:
батыр, жер, ел
Ел сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгендей қосың болсын.
Ілмектер:
ел, жер, сүю
Ел - ырыстың кілті,
Ер - ырыстың қорғаны.
Ілмектер:
ел, ер, ырыс, қорған
Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.
Ілмектер:
су, ер, ел
Бірлікті ел бұзылмас.
Ілмектер:
бірлік, ел
Еңбек ет те, елге жет.
Ілмектер:
еңбек, ел
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі