Ит — Мақал-мәтелдер жинағы - 5-бет
Бұл бөлімде "ит" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жұрттың жүргені басылмай
Иттің үргені басылмас.
Ілмектер:
жұрт, ит, жүру
Қажып жүрген адамға,
Қарсы алдынан шыққан ит,
Қасқыр болып көрінер.
Ілмектер:
адам, ит
Ит арық болса
Ауылдың намысы.
Ілмектер:
ит, намыс, ауыл
Итке үкі жараспайды.
Ілмектер:
ит
Жаман күшіктің атын
Бөрібасар қояр.
Ілмектер:
ит, ат
Ит қорыған жерге өш.
Ілмектер:
ит, жануар
Ит әлі жеткенін талар.
Ілмектер:
ит, жануар
Итті тепсең — ырысыңды тебесің.
Ілмектер:
ырыс, ит
Иттің ішіне сарымай жақпайды.
Ілмектер:
ит, жануар
Иттің жатқан жері — төсегі.
Ілмектер:
ит, жануар
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.
Ілмектер:
ит, жануар
Табаны қышыған ит керуенге өреді.
Ілмектер:
ит, жануар
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
Ілмектер:
ит, жануар
Алжыған төбет айға қарап үреді.
Ілмектер:
ит, жануар
Итті күшігім десең,
Аузыңды жалар.
Ілмектер:
ит, жануар
Ит ұяласынан қорықпас.
Ілмектер:
ит, жануар
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі