"іс" туралы Мақал-мәтелдер
"іс" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "іс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бұрынғы істің басында болмасаң,
Соңғы істің қасында бол.
Ілмектер:
іс
Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.
Ілмектер:
қарт, жас, ас, іс
Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.
Ілмектер:
іс, күш, еңбек
Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.
Ілмектер:
тіл, еңбек, күш, іс
Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.
Ілмектер:
мал, жұмыс, кәсіп, іс
Айтқызған жаманның ісі,
Қамшылатқан шабанның ісі.
Ілмектер:
жаман, іс
Тартынып үзген шабанның ісі,
Өткізіп алған жаманның ісі.
Ілмектер:
кәсіп, іс, жаман
Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,
Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.
Ілмектер:
қайрат, береке, іс, еңбек
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Ілмектер:
іс, ер, еңбек
Істің басы байлы болса,
Аяғы сайлы болады.
Ілмектер:
іс, еңбек
Көрнекті іс көмілмейді.
Ілмектер:
іс, еңбек
Ісі кенеулінің - есімі елеулі.
Ілмектер:
іс, есім, еңбек
Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.
Ілмектер:
іс, жігіт, ер, бақ
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Ілмектер:
ел, жұрт, халық, іс
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі