Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (62) Өлеңдер (98) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (480) Ұлағатты сөздер (884)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"адам" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"адам" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Аш адамның көзі апандай.

Ілмектер: адам, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Табан ішпейді,
Адам ішеді.

Ілмектер: адам, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Адам да бір жыл құсы,
Ұстатпайды күлкісі.

Ілмектер: адам, құс, күклкі
WhatsApp Telegram

Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.

Ілмектер: ашу, адам, аш
WhatsApp Telegram

Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.

Ілмектер: ағаш, адам
WhatsApp Telegram

Адам мәңгі сүрмейді,
Көрден қайтып келмейді.

Ілмектер: адам, өмір
WhatsApp Telegram

Тау таумен қауышпайды,
Адам адаммен қауышады.

Ілмектер: тау, адам, қауышу
WhatsApp Telegram

Кісі аласы – ішінде,
Жылқы аласы – сыртында.

Ілмектер: адам, жылқы
WhatsApp Telegram

Сүйекті адам сүміреймейді.

Ілмектер: адам, сүйек
WhatsApp Telegram

Адамда да ала-құлалық болады.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Зымыраған ғұмырға адам тоймас,
Мәңгі сүрмес, бір күні өлмей қоймас.

Ілмектер: ғұмыр, адам, өлім
WhatsApp Telegram

Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.

Ілмектер: аш, жалаңаш, адам, жол, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.

Ілмектер: адам, ат, тіл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Адам — әдет құлы.

Ілмектер: адам, әдет, құл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қатесіз адам – қаперсіз надан.

Ілмектер: қате, надан, адам, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.

Ілмектер: арақ, адам, сүт, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.

Ілмектер: тәтті, тіл, адам, жылан, ін, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Надан – қашан да надан,
Наданмен байланыспаған – адам.

Ілмектер: надан, адам, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Дарға аяғынан сүйреген адамдай.

Ілмектер: дар, аяқ, адам, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Адам болудан
Сауатты болу оңай.

Ілмектер: адам, сауат, парсы мақалы
WhatsApp Telegram