Ер — Мақал-мәтелдер жинағы - 7-бет
Бұл бөлімде "ер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.
Ілмектер:
ер, ат, ерлік, батырлық
Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.
Ілмектер:
ер, ас, тағам, тамақ
Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.
Ілмектер:
кісі, ер, ерлік, алып
Ер - ырыстың кілті.
Ілмектер:
ер, ырыс
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Ілмектер:
ер, батыр, қорқақ
Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.
Ілмектер:
нар, жүк, қайғы, ер
Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.
Ілмектер:
батыр, ер, күн, ай
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
Ілмектер:
ер, жол, адасу
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
Ілмектер:
ер, оқ, ұлан, батырлық
Ер талабы ертеңгі мегзер.
Ілмектер:
ер, талап
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі