Тіл — Мақал-мәтелдер жинағы - 7-бет
Бұл бөлімде "тіл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.
Ілмектер:
тіл, сөз
Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал, саспа.
Ілмектер:
сөз, тіл
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Ілмектер:
ата, мақал, сөз, тіл
Аузын бағып айтқанның — аузы күймес,
Отын бағып жаққанның жеңі күймес.
Ілмектер:
сөз, тіл
Сөзі ырайлының —
Жүзі шырайлы.
Ілмектер:
сөз, тіл
Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
Ілмектер:
ақын, батыр, сөз, тіл
Дуасыз ауызға,
Судыраған сөз бітер.
Жылан мінез жауызға
Жеп қойғандай көз бітер.
Ілмектер:
сөз, тіл
Көңілдегі құпияңды —
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп —
Сөзің айтып қояды.
Ілмектер:
көңіл, құпия, тіл, сөз
Әзіл айтсаң да,
Әділ айт.
Ілмектер:
әзіл, сөз, тіл
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
Ілмектер:
әділ, зіл, сөз, тіл
Көргенінен көз ақы алады,
Сөйлегенінен сөз ақы алады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Ақын өлең айтпайды, жантайған соң,
Адам келмес үйіңе мал тайған соң.
Ілмектер:
өлең, адам, тіл, сөз
Сақина — сәнге жатпас,
Айқай — әнге жатпас.
Ілмектер:
айқай, тіл, сөз
Төр төбесінде отырып,
Теріс сөйлегеннен түңіл
Есік алдында отырып,
Ерсі сөйлегеннен түңіл.
Ілмектер:
тіл, сөз
Тілде сүйек, таста тамыр жоқ.
Ілмектер:
тіл
Қыздырманың
Қызыл тілінен сақтан.
Ілмектер:
тіл
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі