"ер" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "ер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ер бесіктен танылады.
Ілмектер:
ер, бесік
Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ.
Ілмектер:
ер, ел
Ер ақылы – бір алтын, ел ақылы – жүз алтын.
Ілмектер:
ер, ақыл, ел
Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Ілмектер:
туған жер, ер
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
Ілмектер:
тәуелсіздік, ел, ер
Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер.
Ілмектер:
хан, батыр, бай, бала, бәйбіше, тоқал, арыстан, тышқан, ер, дұшпан
Дау мен жау — ерге сын,
Көшіп-қонбақ — елге сын.
Ілмектер:
дау, жау, ел, ер
Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.
Ілмектер:
ер, ел, бақыт
Ердің ұялғаны — өлгені,
Еменнің майысқаны — сынғаны.
Ілмектер:
ер
Ер жігіт —
Етек, жеңі кең жігіт.
Ілмектер:
ер, жігіт
Ер қадірін іс түскенде білерсің,
Етік қадірін қыс түскенде білерсің.
Ілмектер:
ер
Ер жапа көрмей,
Опа көрмес.
Ілмектер:
ер
Жорға жолға түспесе,
Жол ұрады.
Ер жолға түспесе,
Қол ұрады.
Ілмектер:
жол, ер
Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.
Ілмектер:
су, ер, жол
Жердің жарлысына
Ердің сорлысы қонар.
Ілмектер:
жер, ер
Ерді ер ақтайды,
Еңбекті жер ақтайды.
Ілмектер:
ер, ел, еңбек
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.
Ілмектер:
ер, жігіт, ел
Арманымен — ер сұлу,
Орманымен — жер сұлу.
Ілмектер:
арман, ер
Ер жігіт елдікі.
Ебелек желдікі.
Ілмектер:
ер, жігіт
Ат баспаймын деген жерін, үш басар,
Ер татпаймын деген тұзын үш татар.
Ілмектер:
ер, жер
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі