Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (2)

Тауық шақырғанға таң атпайды.

Ілмектер: тауық, таң, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жылан шаққан алажіптен қорқады.

Ілмектер: ауған мақалы, жылан, қорқу, жіп

Жібек тозса, есекке
Жабуға да жарамайды.

Ілмектер: тозу, ескіру, жібек, есек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Досыңнан сырыңды жасырма,
Жауыңды басыңнан асырма.

Ілмектер: жау, дос, сыр, ауған мақалы

Су кешпей кебісіңді шешпе.

Ілмектер: су, кебіс, ауған мақалы

Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс.

Ілмектер: ит, көше, жолбарыс, ауған мақалы

Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.

Ілмектер: есек, ат, ауған мақалы

Түйені көпір астына жасыра алмайсың.

Ілмектер: түйе, көпір, ауған мақалы

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Ілмектер: қылыш, тән, өсек, жаралау, ауған мақалы

Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.

Ілмектер: дос, дұшпан, аз, көп, ауған мақалы

Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды.

Ілмектер: жаңбыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жарлы

Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.

Ілмектер: шапалақ, ауру, шайтан, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Менің қызым –
Әрі қызығым,
Әрі шыжығым.

Ілмектер: қыз, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Қонаққа да, қолдиірмен тартқызады.

Ілмектер: қонақ, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Ұны болмаса да,
Тандыр орнатты.

Ілмектер: ұн, тандыр, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Түйе жүкті тарта алмаса да,
Түңіліп бақыруын қоймайды.

Ілмектер: түйе, жүк, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Үнділік жігіт досының құрметіне сиыр етін асады.

Ілмектер: сиыр, ет, Үнді, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Әрі құрма тапты,
Әрі сауап тапты.

Ілмектер: құрма, сауап, ауған мақалы, ауған елінің мақалы

Шаштараз емес едім,
Шарасыздан шаштараз етті.

Ілмектер: шаштараз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Түйенің қай жабасына жатқанын қара.

Ілмектер: түйе, ауған елінің мақалы, ауған мақалы