Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (62) Өлеңдер (98) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (480) Ұлағатты сөздер (882)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Адам" туралы Ұлағатты сөздер

"Адам" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Өмір — өзіңді табу емес, өзіңді қалыптастыру.


Нақыл сөз (ағылшынша): “Life isn’t about finding yourself. Life is about creating yourself.”
Қайдан алынған: Шоудың эсселері мен сұхбаттарында бекіген афоризм
Нақты дереккөз: Oxford Reference — Bernard Shaw Quotes
PS: Адам тағдыры дайын күйде берілмейді, ол жасалады.

Ілмектер: тұлға, өзін дамыту, өмір ұстаным, еркіндік, Адам, тағдыр, афоризм, өзіңді табу, өзіңді қалыптастыру Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Жауапкершілік алған сәттен бастап адам өседі.

Ілмектер: жауапкершілік, адам, даму, өсу, адамгершілік Белгісіз
WhatsApp Telegram

Адамды биік ететін атақ емес, ар алдындағы адалдық.

Ілмектер: адам, атақ, адалдық, ар, биіктік, Ұлылық Белгісіз
WhatsApp Telegram

Адамды күшті ететін – бұлшықет емес, жауапкершілік.

Ілмектер: адам, күш, бұлшықет, жауапкершілік Белгісіз
WhatsApp Telegram

Адамнан бәрін тартып алуға болады, бірақ жағдайға деген көзқарасын таңдау еркіндігін емес.

Қайдан алынған:
Man’s Search for Meaning (Өмір мәнін іздеу, 1946)
— концлагерь тәжірибесіне негізделген психологиялық-философиялық еңбек.

Ілмектер: Виктор Франкл, көзқарас, еркіндік, еркіндік жайлы ой, адам, психология Виктор Франкл
WhatsApp Telegram

Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ өмірдегі шынайы құндылық – байлықта емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында.

Ілмектер: байлық, адам, жалғыздық, өмір, құндылық, шынайы, адалдық, қиындық, сынақ, жәрдем, жан, дүние, қамқорлық, жанашырлық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адам өмірін ақылының құлаштап, түйсігінің түрткілеп, санасы мен өрісінің мүмкін болған логикалық шегі’ жеткен жеріне дейін қауқарласып, келбетін сомдап үлгереді! Өзі қалыптап, қамти алған кеңістік” пен оған тән болған УАҚЫТ* шеңберінде фазасы «БАР» болып көрініп, бағасын «Өзі» құрайды. Одан әрі аспайды.
Адамзат қоғамы содан қалыптасады...

Ілмектер: ақыл, сана, ой, ой-өріс, Өмір, адам
WhatsApp Telegram

Көзқарас өзгермейінше, жағдай өзгермейді.

Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, адам Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

«Адам адамға – айна.»

Ілмектер: адам, айна Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Ақылды адам – өз қателігінен сабақ алады, ақымақ – қайтадан қайталайды.»

Ілмектер: ақыл, адам, қателік, ақымақтық Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Адам болам десең — әуелі адал бол.»

Ілмектер: адам, адал Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Жайбарақат жату — адамды қарусыздандырудың ең төте жолы.

Ілмектер: жайбарақат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жол Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Құдайға сенбейтін адам дүниенің күнəсінің бəрін өз мойнына алады.

Ілмектер: құдай, сенім, адам, дүние, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Кез-келген адам — дүниенің кіндігі: дүниенің қызығы да сол — мұндай кіндіктерден аяқ алып жүре алмайсың.

Ілмектер: адам, кіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана.

Ілмектер: Адам, мәселе, қиындық, ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық, адамгершілік, құбыла, күшті, бағындыру, ақиқат, Алла, Құран, мағына, өмірдің мәні, шынайы, ғылым, дәлел, жалған, күрес, дін, ислам, мәңгілік, зертхана, өмір, сынақ Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адамды құртуға болар, ал жеңуге болмайды.

Ілмектер: адам, жеңу, құрту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Эрнест Хемингуэй
WhatsApp Telegram

Екі нәрсе тірі адамға керегі –
Бірі – көңіл, бірі – тілдің желегі.

Ілмектер: көңіл, тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Тіл адамның адамдық белгісінің зоры жұмсайтын қаруының бірі.

Ілмектер: тіл, адам, қару, тіл туралы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Басымда ойым көп, бiрақ шешен болмағандықтан, оларды айтып бере алмаймын дейтiн адам — өзiн-өзi түсiнiп алмаған адам.

Ілмектер: ой, шешендік өнер, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Мишель де Монтень
WhatsApp Telegram