Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ілмектер: ұстаз, шәкірт Ыбырай Жақаев
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
Ілмектер: ұстаз, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский
Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.
Ілмектер: ұстаз, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Леонардо да Винчи
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Ілмектер: ұстаз, шәкірт Жүсіпбек Аймауытов
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Ілмектер: шәкірт, ұстаз, еңбек Әзілхан Нұршайықов
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Ілмектер: ұстаз, ұлағат, шәкірт Серке Қожамқұлов
…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Ілмектер: шәкірт, қуаныш Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани
Мұғалім, егер ол адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.
Ілмектер: мұғалім, адал, шәкірт Максим Горький
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Ілмектер: ғылым, мұғалім, шәкірт Дмитрий Менделеев
Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.
Ілмектер: ұстаз, шәкірт, тәрбие Константин Ушинский
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім
Ілмектер: ұстаз, оқушы, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Ғабит Мүсірепов
Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.
Ілмектер: өнер, ұстаз, шәкірт Әбіш Кекілбаев
Қайратсыз ашу-тұл,
Ілмектер: ғашық, шәкірт, ұстаз, мұғалім Абай Құнанбайұлы
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл.
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.
Ілмектер: мұғалім, мақтаныш, шәкірт, оқушы Дмитрий Менделеев
Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңқа бөленуге тиіс.
Ілмектер: шәкірт, мұғалім, нақыл, афоризм Элберт Хаббард
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Ілмектер: Тәрбие, мұғалім, шәкірт, нақыл, афоризм Цицерон
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.
Ілмектер: Шәкірт, ұстаз, нақыл, афоризм Бойешес
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.
Ілмектер: ұстаз, мінез, нақыл, афоризм, шәкірт Әл – Фараби
Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды.
Ілмектер: өнер, шәкірт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев
Әл-Фараби Бағдатқа келгенде оған Халифа Мұқтадид ибн-Муаффак әл-Биллах (892-902) былай деп сұрақ қояды: – Осы сені оқудың түбіне жетіпті деп естідім, сонда сен көп білесің бе, әлде Аристотель көп біле ме?
Ілмектер: заман, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шәкірт Әл – Фараби
Сонда әл-Фараби: − Егер мен оның заманында өмір сүрген болсам, шүбәсіз оның үздік шәкірттерінің бірі болған болар едім, – деп жауап берген екен.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі