Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"қате" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қате" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адам баласы ұдайы жанын жеп жүріп, бір қателіктен екінші қателікке ұрынады: шүкірлік етері — екіншісі біріншісінен гөрі азырақ қате болуы мүмкін.
Ілмектер: қате, қателік Альфред Адлер
Теоретиктердің ең үлкен қатесі — олар өздерінің орны ұлы оқиғалар керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды.
Ілмектер: Теоретик, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, оқиға, шың Освальд Шпенглер
Қатемді көрсеткен кісі — ұстазым,
Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз, дос, мақтау, жау, Сұн зы Сұн зы
Дұрысымды көрсеткен кісі — досым,
Орынсыз мақтаған кісі — жауым.
Жаратқанның жіберген екі қатесі бар: бірі әйелді жаратқаны, екіншісі алтынды жаратқаны.
Ілмектер: жаратқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қате, әйел, алтын Үнді даналығы
Өз қатесін мойындай алмайтын адамның ешқашан ақылы толмас.
Ілмектер: қате, қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл Сайын Назарбекұлы
Түзетуге келмейтін қате — нағыз қате.
Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
Жетістікке жету және одан да жемісті, бақытты өмір сүру туралы шешім қабылдау жеткіліксіз, өйткені бұл мәселенің жүрегін қозғамайды, бұл қате түсінік. Біз өз жағдайымызды шын бағалап, қоршаған ортамызды шынайы тұрғыдан түсінгеннен кейін ғана біз өзімізді ақиқатқа қарай өзгерте аламыз.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Жетістік, жемістер, бақыт, Өмір, шешім, мәселе, жүрек, қате, түсінік, жағдай, қоршаған орта, шынайылық, ақиқат Нарша Булгакбаев
Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.
Ілмектер: қате, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл — саясатшы даналығы дегеніміз де осы!
Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрсұлтан Назарбаев
Ескіден келе жатқан қате, қазіргі ақиқатқа да қауіпті.
Ілмектер: қате, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
Қате жiберiп қоймаудан үрейлену екiншi қателiктi тудырады.
Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, үрей Гораций
Тәжiрибе дегенiмiз әркiмнiң өз қателiктерiне беретiн атауы.
Ілмектер: Тәжiрибе, қателiк, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд
Қате деп — түзелмейтiн қателердi ғана айтамыз.
Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
Сiздiң қателерiңiздi көрсететiн дұшпаныңыз, оларды жасыратын досыңыздан әлдеқайда артық.
Ілмектер: қате, дұшпан, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Леонардо да Винчи
Қателігіміздің өзі — қателеспеуге тырысуымызда.
Ілмектер: қателік, қате, тырысу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дидахмет Әшімхан
Негізінде, ең үлкен қателіктердің басында қашан да тәкаппарлық тұрады.
Ілмектер: қателік, тәкаппарлық, тәкаппар, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді.
Ілмектер: пікір, теріс, сұрау, мән беру, маңызды, адам, эмоция, сын, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады.
Ілмектер: қате, қателік, бала, құрметтеу, тәрбие, түзету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори
Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз.
Ілмектер: қате, пікір, мойындау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі