Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (39) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (1)

Жас — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "жас" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Ілмектер: жас, лайық, кедей, әрекетсіздік Джек Ма
WhatsApp Telegram

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.

Ілмектер: жас, өмір, кәрілік Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.

Ілмектер: кәрі, өлім, жас Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.

Ілмектер: қарттық, қартаю, жас, жастық шақ Майқы би
WhatsApp Telegram

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Ілмектер: ер, ерлік, жас Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Ілмектер: қарт, қарттық, жас, күндеу, өмір Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар дуана.

Ілмектер: кәрі, жас Махамбет Өтемісұлы
WhatsApp Telegram

Біздің жаста жасау шұғыл бұрылыс,
Ол – құштарлық өлі ізі бар құбылыс.

Ілмектер: жас, құштарлық Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Мен ешқашан кәрі адам болмаймын. Мен үшін кәрілік әрдайым менен 15 жасқа үлкен.

Ілмектер: кәрі, адам, жас Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram