Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Өлеңдер (27) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (32)

Өсиет — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "өсиет" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.

Ілмектер: сөз, мін, өсиет Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, өсиет, жуастық, ой Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Аяқтан шалма, қапыда қалма.
Жан беріп, жан алысар жорықта,
Жауым көп деп қорықпа.
Жауың басынса - жолың жабылар.

Ілмектер: өсиет, жау Тоныкөк
WhatsApp Telegram

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.

Ілмектер: өсиет, тәрбие Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

Ілмектер: өсиет, тәлім-тәрбие, бейнет, дүние, өмір Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.

Ілмектер: байлық, еріншектік, өсиет, тәлім-тәрбие Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.

Ілмектер: өсиет, тәлім, дүние, бейнет, қайғы Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.

Ілмектер: халық, өсиет, кеуде Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Жеріңді жат баспағай.

Ілмектер: жат, өсиет, тағлым Тоныкөк
WhatsApp Telegram

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.

Ілмектер: мүсәпір, ақы, тәлім-тәрбие, өсиет, тозақ Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Тайып бара жатқанға таяныш бол.

Ілмектер: өсиет, тәрбие Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.

Ілмектер: өсиет, өсек, сөз Есей би Алдамұратұлы
WhatsApp Telegram