Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол. Ілмектер: өсиет, өсек, сөз Есей би Алдамұратұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол.
Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. — Махамбет Өтемісұлы Достық, Өсек
Мына заман қай заман, Қаскүнемге жай заман. Араздық пен өсекке, Өлшеуі жоқ бай заман. — Шәкәрім Құдайбердіұлы заман, қоғам
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады. Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады. — Майқы би өсиет, асыл
Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады. — Александр Герцен кітап, ұрпақ
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкiм қалап. Терең ой, терең ғылым iздемейдi, Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап. — Абай Құнанбайұлы Ынсап, ұят
Жай жатқан жыланның құйрығын баспа. — Саиф Сараи өсиет, тәлім
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме, Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме. Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе, Бәрін құдай қылады дегенге ерме. — Шәкәрім Құдайбердіұлы өсиет, тәлім-тәрбие
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі