Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады. Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады. Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады. Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.
Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады. — Александр Герцен кітап, ұрпақ
Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде. — Ыбырай Алтынсарин асыл, сырты
Жай жатқан жыланның құйрығын баспа. — Саиф Сараи өсиет, тәлім
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме, Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме. Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе, Бәрін құдай қылады дегенге ерме. — Шәкәрім Құдайбердіұлы өсиет, тәлім-тәрбие
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек. — Шәкәрім Құдайбердіұлы білу, іс
Байлық жақсы екені елге мәлім, Өзің істеп әдет қыл - келсе халің. Қолың білсе біреуге жалынбайсың, Шыдамды бол, еріншек болма, жаным. — Шәкәрім Құдайбердіұлы байлық, еріншектік
Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол. — Есей би Алдамұратұлы өсиет, өсек
Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын, Түзетуге именбе - тапсаң мінін. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сөз, мін
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі