Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"адамгершілік" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "адамгершілік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Ілмектер: адам, адамгершілік, ұстаз Абай Құнанбайұлы
Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.
Ілмектер: дана, адамгершілік, қорқыныш, батыл Конфуций
Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.
Ілмектер: ер, әйел, адамгершілік Шыңғыс хан
Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.
Ілмектер: жасыру, тәрбие, айып, адамгершілік Жүсіп Баласағұни
Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
Ілмектер: адамгершілік, жаман, халық Мұстафа Шоқай
Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.
Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев
Бір адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер
Ілмектер: адамгершілік, билік Наполеон Бонапарт
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі