Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (16) Өлеңдер (40) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (117) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"сенім" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"сенім" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "сенім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Сiздi өзiңiзге сену сенiмiнен айыруға тырысатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл қасиет ұсақ адамдарға тән. Ұлы адам, керiсiнше, сiздiң де ұлы адам бола алатыныңызға сендiредi.

Ілмектер: қасиет, сенім, ұлы, ұсақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен
WhatsApp Telegram

Өзіңізге деген сенімсіздік — сәтсіздіктің негізгі себепшісі.

Ілмектер: сенім, сәтсіздік, себеп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Кристиан Боуви
WhatsApp Telegram

Өгiздi өрге салма — қанатың талар,
Наданға көзiңдi салма — сағың сынар.
Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер.

Ілмектер: надан, дос, өтірік, сенім, дұшпан, сыр, нақыл, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Өз күшiңе сенiмдi болу қосымша күш бередi.

Ілмектер: күш, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Кристиан Боуви
WhatsApp Telegram

Оқу Дон Кихотты рыцарь етті, бірақ оқығанына иланып — жынды боп қалды.

Ілмектер: сенім, илану, жынды, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Мен 20 жыл ішінде көптеген жаңа көліктер толықтай электр қуатына ие болады деп сенімді түрде болжаймын. Тіпті, 20-да емес, 10 жылдан кейін де орын алуы мүмкін.

Ілмектер: жыл, көлік, электр қуаты, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
WhatsApp Telegram

Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді?

Ілмектер: сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майкл Джексон
WhatsApp Telegram

Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады.

Ілмектер: күш, сенім, нәтиже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Людвиг Фейербах
WhatsApp Telegram

Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді.

Ілмектер: бала, қауіпсіздік, сезім, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори
WhatsApp Telegram

Сенім.Бұл бір ұлы күш! Сенімге ие болу – өмірді мәнді етеді.

Ілмектер: Сенім Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Өзіңе сенші! Сол кезде өмірді қалай сүру керек екенін бірден ұғасың.

Ілмектер: сенім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Сенімге ие болу — өмірді мәнді етеді.

Ілмектер: сенім, мән, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бірге жүрүден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады.

Ілмектер: кері тарту, төмендету, адам, сенім, ұлы, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен
WhatsApp Telegram

Өзіне сенбеген адам — өзгеге де сенбейді.

Ілмектер: сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен.

Ілмектер: сенім, ата-ана, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады.

Ілмектер: шын, күдік, сенім, сену, жүрек, өтірік, маска, бетперде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Баланы жиі жігерлендірсе, ол өзіне өзі сене бастайды.

Ілмектер: сенім, жігерлендіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори
WhatsApp Telegram

Сенім — бұл ойлана алмайтындар үшін жұбаныш.

Ілмектер: сенім, ой, жұбаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон
WhatsApp Telegram

Өзiңiздiң де, өзгенiң де сөзiне сенбеңiз, өзiңiздiң де, өзгенiң де iстерiне ғана сенiңiз.

Ілмектер: сенім, сөз, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Қуанышты өмiр сүрудiң басты тәсiлi — өмiрдiң қуаныш үшiн берiлгенiне сену. Егер қуаныш азайса, неден қателiк жiбергенiңдi iзде.

Ілмектер: қуаныш, өмір, тәсіл, сенім, қателік Лев Толстой
WhatsApp Telegram