Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "махаббат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Егер сіз адамды шынымен жақсы көрсеңіз, еш нәрсесіне де қарамай, шын жүрегіңізбен сүйіңіз. Құлазығанда қуанышы, жылағанда жұбанышы болып, қай кезде де қасынан табылуға тырысыңыз. Сондай кезде ғана пәк махаббат болады.
Ілмектер: адам, жүрек, махаббат, қуаныш Александр Куприн
Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.
Ілмектер: махаббат, жүрек, құпия, бақыт, жалғыздық Ги де Мопассан
Аққуды атуға, махаббатты қорғауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өмірдегі бір тәтті арманы емес пе?! Әрине, аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табылады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар. Олар үшін махаббат әні – аққу әні салынбайды. Ал қор болған махаббат зары – жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның зарына елжіремеген жүрек – ол жүрек емес.
Ілмектер: аққу, махаббат, жүрек, ән, зар Ілияс Есенберлин
Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?
Ілмектер: махаббат, сәнді, дүние, сезім, аққу, құс Ілияс Есенберлин
Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты.
Ілмектер: махаббат, мінез-құлық Ілияс Есенберлин
Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт.
Ілмектер: махаббат, жүрек, азап, қуаныш, бақыт Ілияс Есенберлин
Махаббаттағы айрылысу кәдімгі жел мен от сияқты. Кішкентай махаббатты өшіреді, ал үлкен махаббатты одан да қатты жандандырады.
Ілмектер: махаббат, айрылысу, жел, от Александр Куприн
Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.
Ілмектер: сурет салу, мүсін жасау, талант, ән, өлең, махаббат Александр Куприн
Махаббатта тұрақсыз болу – үлкен күнә.
Ілмектер: махаббат, күнә, тұрақсыздық Ілияс Есенберлин
Нағыз махаббат түр-әлпетте емес, жүректе.
Ілмектер: махаббат, жүрек Ник Вуйчич
Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма?
Ілмектер: қасиет, ерлік, махаббат, ақиқат Махатма Ганди
Махаббаттың тілі әрдайым бірдей, барлығы кімнің аузынан шығатынына байланысты.
Ілмектер: махаббат, тіл Ги де Мопассан
Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.
Ілмектер: қыз, ұят, жігіт, махаббат, қасиет, адал Ілияс Есенберлин
Әр махаббаттың өзіндік даралығы бар.
Ілмектер: махаббат Александр Куприн
Махаббат қашанда трагедиялы болады. Ол өмірдің заңдылығы.
Ілмектер: махаббат, трагедия, өмір, заң Александр Куприн
Неке махаббаттан да көп нәрсені білдіреді. Ең бастысы – сыйластық.
Ілмектер: неке, махаббат, сыйластық Агата Кристи
Өміріңіздегі келіспеушіліктер, кедергілер махаббатыңызға зиянын келтірмеу керек.
Ілмектер: кедергі, махаббат, зиян Александр Куприн
Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.
Ілмектер: махаббат, күш, қуаныш, қайғы, бақыт Ілияс Есенберлин
Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты.
Ілмектер: махаббат, адам, тұрақтылық Ілияс Есенберлин
Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.
Ілмектер: махаббат, ұлы, қуат, сенім Ілияс Есенберлин
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі