Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (34) Ұлағатты сөздер (4)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Дене шынықтыру" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"Дене шынықтыру" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Дене шынықтыру" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.

Ілмектер: дене шынықтыру, спорт, оқу, білім, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәрігерге пысқырып та қарамайсың.

Ілмектер: дене шынықтыру, дәрігер, денсаулық, нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram

Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-қуатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.

Ілмектер: дене шынықтыру, денсаулық, адам туралы нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram

Біздің жастарымыз төзімді, батыл болып өсуі керек, олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынталанып және барлық рекордсмендердің аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануы керек.

Ілмектер: спорт, дене шынықтыру, футбол Антон Макаренко
WhatsApp Telegram