Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (848)

Абыройлы адам кімнің қасында тұрса да өзінің кім екенін естен шығармайды.

Ілмектер: абырой, адам Бальтасар Грасиан

Қазіргі кезде адам баласы ең қиын жұмысты іс әрекет деп ойлау үстінде. Бірақ,сол іс әрекетті түбіне жеткізу үшін адам ойлана білуі керек емес пе? Ойлану-адам өміріндегі ең қиын әрекет

Ілмектер: Жұмыс, ойлану, адам, Адамның кейбір кездері Бешир Дильназ

Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді.

Ілмектер: кітап, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Николай Карамзин

Әңгімелер адамдарға ойлануға кедергі келтіру үшін ойлап табылған.

Ілмектер: әңгіме, ойлану, адам Агата Кристи

Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,
Ел иесі бар болса — елі ала болмайды.

Ілмектер: ауыл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, ие Бұқар жырау

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды қөргенде өзіңді-өзің зертте.

Ілмектер: зерттеу, жаман, жақсы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Бұл заманның тамыры-құдандасы –
Әуелі арбау менен ойлар сұмдық.
Құдайдың бұйырмаған нәрсесіне,
Кіріптар боп жүреді адам мұңлық.

Ілмектер: заман, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Адамдарды үйретпей соғысқа аттандыру — оларды сатып кету деген сөз.

Ілмектер: соғыс, адам, нақыл, афоризм Конфуций

Педагогика — білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.

Ілмектер: Педагогика, білім, адам, өмір, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Новиков

Өтірікті шын қылған — ол адамның қызыл көзді пәлесі.

Ілмектер: адам, өтірік, пәле, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.

Ілмектер: өмір, адам, жастық, жастық шақ, шың Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Ілмектер: Жүсіп Баласағұни, нақыл, афоризм, адам, басшы Жүсіп Баласағұни

Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек

Ілмектер: үміт, адам, таяныш Жүсіпбек Аймауытов

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.

Ілмектер: адам, жүрек, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Жоспар жасай беруге немесе әлемдегі ең ғажайып жерді түзуге болады. Бірақ арманды ақиқатқа айналдыру үшін адам қажет.

Ілмектер: жоспар, адам, әрекет Уолт Дисней

Адамға адам, сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.

Ілмектер: адам, сөз, Ғабит Мүсірепов, жарық Ғабит Мүсірепов

Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн,
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн.

Ілмектер: дүние, ой, адам Абай Құнанбайұлы

Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады.

Ілмектер: ақыл, адам, жалғыздық, ұнату, даңғаза, тірлік, ақымақ Артур Шопенгауэр

Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді.

Ілмектер: байлық, адам, қасиет, кему, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Зады, адамның соры — өзін өзгемен өлшеуі.

Ілмектер: адам, сор, өлшеу, салыстыру, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов