Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (73) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (471) Ұлағатты сөздер (526)

Қыстан жүдеп шыққан адамды әрлендіретін және қанша ішсе де тәбетін қайтармайтын қымыздың орнынан жүретін сусынды ойлап таба қою, сірә, қиын шығар.

Ілмектер: қымыз, қыс, адам, тәбет Владимир Иванович Даль

Мен адамдарды ақшаны ұстауларына қарап бағалаймын. Ақша - мақсат емес, ол адамның қателескен, қателеспегенін білдіретін дәлел.

Ілмектер: адам, мақсат, ақша, қате Коко Шанель

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

Ілмектер: адам, сана Омар Хайям

Жек көру — қорқақ адамның орындай алмаған кегі.

Ілмектер: жек көру, қорқақ, кек, адам Бернард Шоу

Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

Ілмектер: адам, ұлт, тіл Ғабиден Мұстафин

Адамдардың үш тобы бар: бірінші топ Жаратушысын іздеді және тапты. Бұлар ақылды әрі бақытты адамдар. Екінші топ Жаратушысын іздеп жүр , бірақ тапқан жоқ. Бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар. Үшінші топ Жаратушыны іздеп те жүрген жоқ, тапқан да жоқ. Бұлар бақытсыз әрі ақымақ адамдар.

Ілмектер: адам, бақыт Блез Паскаль

Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: адам, өтірік, шындық, қорқу, бақытсыздық Блез Паскаль

Махаббат - адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы.

Ілмектер: махаббат, адам Чарльз Диккенс

Арлы адам — ардақты, ар —ардақтың анасы.

Ілмектер: ар, адам, ардақ Бауыржан Момышұлы

Саяхат жасаудың бір ұтымды тұсы - жаңа қалаларды аралап, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігінде.

Ілмектер: саяхат, қала, адам, танысу Шыңғыс хан

Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады

Ілмектер: адам, мал, мақтан, соғыс, өлім Шәкәрім Құдайбердіұлы

Нағыз жұбай — нағыз ерім бар дейтін адам

Ілмектер: жұбай, адам Бернард Шоу

Ынта болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ...

Ілмектер: адам, ынта Генри Форд

Адамдарды жұмыс iстеуге екі түрлі жолмен қызықтыруға болады: еңбекақы мен одан айырылып қалу қорқынышын туғызу.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жұмыс, қызықтыру Генри Форд

Адамдар күресуден бас тартып, жеңіліске ұшырайды.

Ілмектер: адам, күрес, жеңіліс, бас тарту Генри Форд

Ақылсыз адам —мәуесіз ағаш секілді.

Ілмектер: ақымақ, адам Жүсіп Баласағұни

Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.

Ілмектер: адам, көру Қадыр Мырза Әли

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

Ілмектер: адам, адамгершілік, ұстаз Абай Құнанбайұлы

Адам кейде өз үйіне де сыймайды.

Ілмектер: адам, үй Қадыр Мырза Әли

Мен ең әуелі сырт көрінеске назар аударушы едім, өйткені адам өмірінде оның үлкен мәні бар. Салдыр - салақ адамның іс-әрекеттері, сүйкімді болады деп ойлаудың өзі қиын.

Ілмектер: сырт көрініс, адам, өмір, салақ, сүйкімді Антон Макаренко

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...