Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (33)

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,
Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Ілмектер: пайда, ынтымақ, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Батыр боп жауға найзаң тимесе,
Батырлықтан не пайда.
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Байлығыңнан не пайда…

Ілмектер: батыр, бай, халық, пайда, найза, байлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әйтеке би

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Ілмектер: мал, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы.

Ілмектер: ер, найза, халық, пайда Бұқар жырау

Дарын мен пайда — үйлеспейтiн нәрселер.

Ілмектер: дарын, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Пушкин

Тыңдай бiл, сонда сен нашар сөйлейтiндерден де пайда табасың.

Ілмектер: тыңдау, нашар, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Плутарх

Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?

Ілмектер: шариғат, батырлық, пайда, нақыл, афоризм Төле би Әлібекұлы

Жоғары билiкке ұмтылу адамның мемлекеттiң мүддесiнен гөрi өз пайдасын көбiрек ойлайтынын көрсетедi.

Ілмектер: билік, мемлекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда Шарль Луи Монтескье

Жақсы бастыққа iстiң мән-жайын бiлетiн жақсы жәрдемшi, ақылгөй кеңесшi, қолқанат қажет. Мұндай жағдайда оның iсi жанып, ол өз халқына, қоғамына, өзiне де көп пайда тигiзедi.

Ілмектер: кеңесшi, қолқанат, бастық, жәрдемші, халық, қоғам, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Пайда менен залалды - ақыл айырады.

Ілмектер: Пайда, залал, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді: алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады.

Ілмектер: ақыл, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Пайдасыз тақыл — байлаусыз ақыл.

Ілмектер: Пайда, ақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

×