Ешкімге пайдасыз өмір сүру — мезгілсіз өлу. Ілмектер: өмір, пайда, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ешкімге пайдасыз өмір сүру — мезгілсіз өлу.
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! — Мұқағали Мақатаев уақыт, адам
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы кітап, пайда
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін! — Әйтеке би бай, пайда
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. — Дінмұхамед Қонаев өмір, үйрену
Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. — Бұқар жырау ер, найза
Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді. — Ғабит Мүсірепов адам, өмір
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі